Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы рейстер саны көбейеді

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock
Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей рейс ашылады.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны артады. Екі ел аптасына орындалатын рейстер санын 28-ден 70-ке дейін көбейтуге келісті. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Келісім Эр-Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы үкіметтері арасында өткен жиында жасалды.

"Жаңа келісім екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Оның аясында әуе тасымалдаушылары Астана – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Сауд Арабиясының өзге қалаларына қатынайтын бағыттардың саны да көбейтілмек. Қазір екі ел арасында аптасына 28 тұрақты рейс орындалса, жаңа келісімнен кейін бұл көрсеткіш 70 рейске дейін жетеді", – делінген хабарламада. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе қатынасының кеңеюі Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жаңа бағыттар инвестиция тартуға, туризмді дамытуға және екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты күшейтуге ықпал етпек.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау