Анталия – Екатеринбург рейсі Атырауға шұғыл қонды. 41 жастағы ер адам қайтыс болды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Дәрігерлер жолаушыны құтқара алмады.

Атырау әуежайына шұғыл қонған "Аэрофлот" әуе компаниясының ұшағында 41 жастағы жолаушы көз жұмды. Ұшақ Анталия – Екатеринбург бағытымен ұшып бара жатқан.

Борттағы ер адамның денсаулығы күрт нашарлағаннан кейін экипаж Атырау әуежайына шұғыл қону туралы шешім қабылдаған.

Атырау әуежайының медициналық қызметінің басшысы Болат Қалиевтің айтуынша, 25 тамыз сағат 22:50-де әуежайдың орталық диспетчерлік қызметіне ұшақтың шұғыл қонатыны туралы хабарлама түскен. Ақпарат түскен бойда әуежайға жедел жәрдемнің реанимациялық бригадасы шақырылған. Ұшақ қонғаннан кейін дәрігерлер клиникалық өлім жағдайындағы жолаушыға медициналық көмек көрсете бастаған. Мамандар дефибриллятор қолданып, жүрек-өкпе реанимациясын қоса алғанда, қажет медициналық шаралардың барлығын жүргізген. Алайда дәрігерлердің әрекетіне қарамастан, жолаушының қайтыс болғаны тіркелді, – делінген хабарламада. 

Көліктегі полиция 25 тамызда адам өлімін тіркеп, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру жұмыстарын бастаған.

Полицияның мәліметінше, өлімнің алдын ала себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі.

Марқұмның денесі ұшақтан түсірілген. Онымен бірге болған әйел Атырауда қалған. Ал басқа жолаушылар отырған ұшақ Екатеринбург бағытына қарай ұшып кеткен. Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау