Тікелей эфир

Қазақстан энергияның жаңа көздеріне өту рейтингінде 115 елдің ішінде 83-орын алды

Көршілес елдер ішінде Қазақстаннан төмен ел жоқ.

Дүниежүзілік энергетикалық форумның баяндамасына сай, энергияның жаңа көздеріне өту рейтингінде Қазақстан 2021 жылы 115 елдің ішінде 83-орынды иеленді, деп хабарлайды naryk.kz сайты. 

Соңғы 10 жылда 92 ел таза энергияға өтуде өз көрсеткіштерін жақсартқанымен, тек 10% айтарлықтай жетістікке жете адды. Рейтингтің басында – Швеция, Норвегия мен Дания. Көршілес елдерден Армения – 57-орын,  Ресей – 73-орында, Тәжікстан – 75-орында. Қырғызстан – 94-орында, Моңғолия – 113-орында, Гаити – 114-орында, Зимбабве – 115-орында. 

Өндірістік жүйе, қауіпсіздік пен қолжетімдік, экологиялық тұрақтылық пен экономикалық өсім талаптары бойынша Қазақстан 100-ден 64,1 балл алды.  Ресей – 66 балл, Армения – 63,6 балл, Тәжікстан – 55,7 балла, Қырғызстан 52,3 балл алды. Ал таза энергияға көшу бойынша Қазақстан бар болғаны 43,4 балл алды.

Көршілес елдер ішінде Қазақстаннан төмен ел жоқ. Таза энергияға көшу талаптары осы саладағы капитал мен инвестиция, адам капиталы, тұтынушылардың қатысуы, инфрақұрылым мен инновациялық бизнес орта, институттар мен басшылық және реттеу мен саяси ұстаным ескеріледі. 

Айта кетерлігі, 2017 жылы астанада миллиардтаған долларға астанада ұйымдастырылған Экспо көрмесінің тақырыбы жасыл энергия болған еді. 

Сонымен қатар аталған рейтингте Қазақстан климаттың өзгеру тиімділігі бойынша ең соңғы орын алды. Соның ішінде жаңартылмалы энергия мен климаттық саясатта 64 елдің ішінде тиісінше 59 және 54-орын алды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары