USD: 468.3 / 471.1
  • EUR: 546.5 / 551.5
  • RUB: 6.17 / 6.29
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Қазақмыс қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылымын жаңартып жатыр

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Өндіріс орындарындағы киім ауыстыратын бөлмелерге жаңа шкафтар орнатылуда.

"Қазақмыс" компаниялар тобының кәсіпорындарында еңбек жағдайын және жұмысшыларға арналған тұрмыстық инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасуда. Соның бір бағыты – кәсіпорындардың өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық кешендеріндегі киім ілетін шкафтарды кезең-кезеңімен жаңарту, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі

Жаңа шкафтар өндіріс орындарындағы киім ауыстыратын бөлмелерге орнатылып жатыр. Олар жұмысшылардың арнайы киімдері мен жеке заттарын ыңғайлы сақтауға арналған. Конструкциялар беріктігімен және пайдалануға қолайлылығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ гигиена, желдету және заттарды сақтау қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Жаңарту бағдарламасы аясында Жыланды кенішінде 200 жаңа шкаф, Жомарт кенішінде тағы 300 шкаф орнату жоспарланған. Жалпы компания кәсіпорындары бойынша 6900-ге жуық шкаф қойылады. Жұмыстар түрлі өндірістік нысандарда, ең алдымен – қызметкерлер саны көп және өндіріс циклі қарқынды бөлімшелерде кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жабдықтарды жеткізу және орнату жұмыстары осы жылдың шілде айына дейін толық аяқталады.

Жаңарту жұмыстары қызметкерлер үшін қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру бойынша компанияның жүйелі жұмысы аясында жүзеге асырылуда. Тұрмыстық жағдайды жақсарту – компанияның әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі және кәсіпорындардағы өндірістік мәдениетті арттырудың негізгі факторларының бірі.

Компания өкілдері атап өткендей, жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау өнеркәсіптік қауіпсіздік, өндірісті модернизациялау және заманауи технологияларды енгізу мәселелерімен қатар басым бағыт болып қала береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз