Тікелей эфир

Қаза тапқан орманшылардың отбасы мүшелеріне төлемақы беріліп отырады

Құжат 28 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Орман күзеті қызметкері қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан жағдайда, оның отбасының әрбір мүшесіне ақшалай төлем беріліп тұратын болады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет басшысының қаулы-жобасында жазылды.

"Қоса беріліп отырған Қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман қорын күзету және қорғау қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) мемлекеттік орман күзету қызметкерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері бекітілсін", – деп жазылған құжатта.

Құжатқа сәйкес, ақшалай төлем қызметтік міндеттерін атқару кезінде көз жұмған қызметкердің отбасы мүшелеріне беріледі.

"Қызметкердің отбасы мүшелеріне жұбайы (зайыбы); кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін 23 жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады", – деп жазылған құжатта.

Ақшалай төлем отбасының әрбір мүшесіне қаза тапқан орманшының соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражатының 40 пайызы мөлшерінде беріледі.


Оқи отырыңыз: Абай облысындағы өрттен 14 орманшы қаза тапты.


Бұл ретте отбасының барлық мүшесіне төленетін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызынан аспауы тиіс. Отбасы мүшелері үшеу және одан көп болған кезде әрқайсысына ақшалай төлемдердің мөлшері ақшалай қаражаттың жүз пайызына тең үлес ретінде есептеледі.

Егер мемлекеттік орман күзеті қызметкердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі салдарынан қайтыс болуы:

  • оның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы үстінде;
  • алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды медициналық емес пайдалану салдарынан;
  • ақшалай төлем алу немесе қызметтен жалтару мақсатында өзіне-өзі қасақана қандай да бір дене жарақатын немесе денсаулыққа өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны белгіленсе, ақшалай төлемдер жүргізілмейді.

Ақшалай төлемдермен қамтамасыз етілетін отбасы мүшелерінің саны өзгерген кезде ақшалай төлемдердің мөлшері оны алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше ұлғайтылады немесе азайтылады.

Құжат 28 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.


Оқи отырыңыз: 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары