Тікелей эфир

Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілеріне талап күшейеді

Марат Қожаевтың айтуынша, 8 сағаттан артық үзіліссіз көлік айдау қауіпті.

Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын "Индрайвер", "Яндекс" секілді такси жүргізушілеріне талап күшейтіледі, деп мәлімдеді ішкі істер бірінші вице-министрі Марат Қожаев.

Министрлік өкілі такси жүргізушілерінің пайда табу үшін тоқтаусыз, ұйқысыз және демалыссыз жұмыс істейтінін айтады. 

"Мұндай режим өңірлер арасында жолаушы тасымалдайтындар үшін қауіпті. Кей көлік тозған, ұзақ жолға шыдамайды. Осы орайда заңсыз жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілеріне талапты күшейту қажет. Мысалы, жолға шығарда медициналық және күнделікті автокөлікті тексеру. Жылына екі рет техникалық тексеруден өту, сондай-ақ рөлде 8 сағаттан артық отырмау деген сияқты", – деді Марат Қожаев. 


Оқи отырыңыз: Міндетті сақтандырудың барлық түрі цифрландырылады



 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары