Мектеп құрылысында өрт қауіпсіздігі талаптары да ескерілмеген.
Алматының Мамыр ықшам ауданындағы №202 мектеп-гимназиясының қабырғасы 2 жылға жетпей қақырап, үлкен сызат түскен. Мектеп басшылығы құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізген мердігерге наразы, деп хабарлады Astanatv.
Гиманазия директоры Болат Жанайханұлы бұл мәселені бірнеше рет көтерсе де, нәтиже болмағасын құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен арнайы рейд ұйымдастырды.
"Бұл бірнеше рет айтылған мәселе еді, әлі шешімін таппапты. Мердігер компания біраз жұмысты абыр-сабыр жасаған", – дейді Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Аmanat партиясы қалалық филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Ерболат Қасымов.
Оқи отырыңыз: Алматыда мұғалімдердің орташа жалақысы 320 мың теңгеге жетеді
Мектеп басшысының айтуынша, мердігер 1 жылдық кепілдік берумен шектелген. Екі жыл бұрын ғана салынған ғимараттың қабырғасында сызат көп. Ал іргетасы шөгіп барады.
"Мұндай үлкен құрылыста 2 жылдық кепілдік берілуі керек. Бұл жақта тек бір-ақ жыл берілген. Мектептің өрт қауіпсіздігі жүйесі жоба бойынша жасалмаған және мектепте орналасқан өрт гидрантында су жоқ. Өрт болған жағдайда қауқарсызбыз", – дейді №202 мектеп-гимназиясының директоры Болат Жанайханұлы.
Рейд қатысушыларының айтуынша, жаңа мектептің мұнан басқа да кемшілігі көп. Оқушылар суық кабинетте білім алуға мәжбүр.
"Мен адамдар жіберіп, жөндетуге уәде бердім. Суық болмауы үшін ескірген, бұзылған жерлердің бәрін қалыпқа келтіреміз. Батареяның жылуына келсек, біз жобадан тыс ешнәрсе жасай алмаймыз, бәрі жобаның аясында салынды", – дейді мердігер компания басшысы Қайрат Сандықбаев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-