Жаңа жылда қаладағы 32-33 мың мұғалімнің жалақысы 25%-ға артады.
2023 жылы Алматыда мұғалімдердің орташа жалақысы 320 мың теңгені құрайды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қалалық мәслихат отырысында келер жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтерілетіні туралы айтты.
"Келер жылға педагогтер мен медицина қызметкерлерінің еңбекақы қоры 170 млрд теңгені құрайды. Соған сәйкес жаңа жылда 32-33 мың мұғалімнің жалақысы 25%-ға артады. Қала бюджетінен мұны орындауға 73 млрд теңге бөлінген. Егер 2022 жылы мұғалімдердің орташа жалақысы 250-255 мың теңге болса, 2023 жылы 320 мың теңгеге жетеді", – деді ол.
Бұдан бөлек, келер жылы кітапханашылардың, техникалық жұмысшылардың және білім саласындағы басқа да қызметкерлердің жалақысын 22%-ға көтеру жоспарланып отыр. Бұл үшін бюджеттен 9 млрд теңге бөлінеді.
Оқи отырыңыз: 2,5 есе жалақы: Педагогтерді өңірлерге тарту бағдарламасының үшінші кезеңі 20 қыркүйекте басталады
Біліктілігін арттыруды растаған 19 мыңға жуық педагог үстеме ақы алады, бұл үшін қосымша 25 млрд теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің де жалақысы көтеріледі. Дәрігерлердің еңбекақысы – 30%-ға, орта медқызметкерлердікі – 20%-ға, кіші медқызметкерлердікі 18%-ға артады. Осылайша, 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 350 мың теңгені, ал орта медицина қызметкерлерінікі 205 мың теңгені құрайды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-