Маман YouTube арнасындағы көптеген бағдарламаның бала бойында агрессия оятатынын айтады.
Мектеп оқушылары ішкі күйзелісінің емін таппаған кезде өзінен әлсіздерге әлімжеттік көрсете бастайды. Бала үшін сенім артатын адамның болуы маңызды, деді психолог Ақмарал Ғұмырзаққызы. Бұл туралы ол 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
– Біздің қоғам мен мемлекет балалар қауіпсіздігін қаншалықты қамтамасыз етіп отыр? Балалар қауіпсіз ортада өмір сүріп жатыр деп айта аламыз ба?
– Біздің балалар қауіпсіз ортада өмір сүріп жатыр деп айта алмаймын. Өйткені, қоғамдағы әрбір орта – бала үшін қауіпті. Бұған себеп балалар жиі көретін YouTube арналары, TikTok, интернет желілері, қарапайым телеарнадан берілетін, жасөспірімдерге сай келмейтін бағдарламалар. Осылардың бәрі баланың бойында агрессия оятады. Кейін ол осы агрессияны өзінен кіші, өзінің әлі жететін балаларға көрсетеді.
Осы орайда біз баланың қоршаған ортасын қадағалап, қандай проблемасы барын байқап, түрлі іс-әрекетті нығайтуымыз керек.
Оқи отырыңыз: Оқушыларымен 7-сыныптан бастап кәсіптік бағдар беруші маман жұмыс істейді
– Кейбір ата-ана баласына барын беріп, әлпештеп отыр. Соған қарамастан олардың балалары әлімжеттік көрсетеді. Буллингтен балаларды, оқушыларды қалай қорғаймыз?
– Көптеген ата-ана баласын материалдық тұрғыдан қамтамасыз еттім деп ойлайды. Материалдық тұрғыдан толық жабдықталған бала сыртқы ортадан ішкі жан дүниесін, сезімін түсінетін адам іздейді. Кейін мұндай адам таппаған соң басқаларға әлімжеттік көрсетіп, бопсалайды. Осылайша өзінің ішкі күйзелісін жеңуге тырысады.
Баланы материалдық тұрғыдан қамтамасыз етіп, міндетім аяқталды деуге болмайды. Қазір қоғамда әрбір ата-ананың бірінші міндеті – баланың балалық шағынан бастап ішкі жан дүниесіне деген сенімділікті ояту. Баланың ата-анаға деген сенімділігін ояту. Білім беру орталығы, сынып жетекшісі, әлеуметтік психолог қосылып, баламен тікелей жұмыс жасауы тиіс.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-