Ішкі істер министрлігі 20 қараша күні республика бойынша 20 мыңнан астам полиция қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін хабарлады. Олардың ішінде 14 мыңнан астамы ІІО қызметкерлері болса, олардан бөлек, 7 мыңға жуық патрульдік полиция қызметкері, 2,5 мың басқа қызмет өкілдері және 4 200 Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қызметке тартылады.
"Құқыққа қарсы ақпараттың таралуының алдын алу және оны жедел түрде теріске шығару мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының, интернет-ресурстарының және әлеуметтік желілерінің тұрақты мониторингі жүргізілуде" делінген ІІМ хабарламасында.
Сондай-ақ құқық қорғау қызметкерлері қауіпсіздік сақтау үшін фото-бейне түсірілім құралдарымен жабдықталған криминалистік топтар құрады. Ал полиция қызметкерлері бейнетіркегіштер мен дрондармен жабдықталады.
Оқи отырыңыз: Президент сайлауын мыңға жуық тәуелсіз бақылаушы қадағалайды
lw-3094948329-1
USD:
509.3 / 514.3
EUR:
594.0 / 600.0
RUB:
6.43 / 6.55