Тікелей эфир

Президент есірткі қылмыстарына ең ауыр жаза тағайындауды ұсынды

Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталған.

Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысы кезінде. 

"Келесі мәселе. Біз жақсылыққа жетеміз десек, жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз қажет. Яғни, шын мәнінде озық ұлт болу үшін жақсылыққа ұмтылумен қатар, еліміздің өсіп-өркендеуіне кедергі болатын жаман әдет, жағымсыз қылық және қауіпті кеселден құтылуымыз керек. Бұл – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы өте маңызды қадам. Ұлы Абай "Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол" деген. Бұл – әрине, ешқашан ескірмейтін, мән-маңызын жоғалтпайтын өсиет. Бірақ әр заманның өзіне тән сын-қатерлері бар. Жаһандану үрдісіне, жаңа технологияның дамуына және басқа да себептерге байланысты қоғамға қауіпті жаңа кеселдер пайда болды. Әсіресе, біз мынадай бес кеселмен бүкіл ел болып күресіп, біржола тосқауыл қоюымыз керек", – деді президент. 

Мұнымен қатар, ол синтетикалық есірткі айналымы жаппай белең алып бара жатқанына тоқталды. Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталған.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның Елтаңбасы жаңарады. Ол үшін ашық байқау жарияланады


"Заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды. Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын", – деп қосты ол. 

Серіктестер жаңалықтары