USD: 472.9 / 475.9
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Павлодарда зираттарға QR-код қойылады

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде қала аумағындағы зираттарды цифрландыру мәселесі бойынша семинар өткізілді.

Облыстық дін істер басқармасының мәліметінше, бұл бастама Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты QAMQOR-SHARAPAT салттық қызмет көрсету орталығының қызметтерін жетілдіру барысында жасалынған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Аталған пилоттық жобаны іске асыру үшін мешіттер "Уақып" ҚҚ және "ҚазАэроСпейс" ЖШС-мен меморандумға қол қойған.  

"Оның негізгі мақсаты – ел аумағындағы зираттарды цифрландыру, жерлеу қызметін заманға сай электронды тұрғыда халыққа ұсыну", – деді басқармада. 

2024 жылдың 16 мамыры мен 30 шілдесі аралығында Павлодар қаласындағы 19 зиратты цифрандыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. 


Оқи отырыңыз: "Сыртымыздан қол қойып жіберген". Түркістан облысында халық жерін қайтаруды сұрады


Мобилді қосымшаға марқұмдардың аты-жөндері мен басқа да мәліметтер енгізіледі. Зираттардың орындары картада көрсетіледі және қосымшаны әлемнің кез келген нүктесінен қолдануға болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау