Новости спорта

Парламент президентті бір мерзімге сайлайтын жүйені жақтап дауыс берді

Заң жобасына сәйкес, президент бір мерзім – жеті жылға сайланады.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар президентті бір мерзімге сайлау жүйесін қолдап, дауыс берді.

Заң жобасын Әділет министрі Қанат Мусин таныстырды. Министр заң жобасы мемлекет басшысының саяси бастамаларына, сондай-ақ депутаттар тобының ұсынысына негізделгенін атап өтті. Заң жобасы бес бапқа өзгерістер енгізуді және бір баппен толықтыруды көздейді. 

"Ұсынылған конституциялық новелла биліктің монополиялану тәуекелдерін едәуір төмендетеді және билікті қалыптастыру мен жұмыс істеуінде өркениетті қағидаттарын белгілеп, саяси тұрақтылықты қоғамдық құрылыстық Қазақстандық моделін орнықтылығын нығайтады. Депутаттар ұсынғандай, президент президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу, осы заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге президент сайланған адамдарға қолданылатын болады", – деді министр.

Парламент депутаттары президентті бір мерзімге сайлайтын жүйені екі оқылымда жақтап дауыс берді.

 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары