Қаңтар мен шілде айларында шамамен 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға аз, деп жазды Krisha.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, төрт облыс пен республикалық маңызы бар екі қалада берілген пәтер саны азайған:
- Ұлытау – 20,6 мың шаршы метр (42,3 пайызға аз);
- Маңғыстау – 546 мың шаршы метр (20 7 пайызға аз);
- Алматы – 1 миллионнан астам шаршы метр (13,0 пайыз);
- Атырау – 450 мың шаршы метр (8,7 пайызға аз);
- Жетісу – 95 мың шаршы метр (3,9 пайызға аз);
- Нұр-Сұлтан - шамамен 1,5 млн шаршы метр (0,7 пайызға аз).
Бұл ретте 14 өңірде 0,5-тен 20 пайызға дейін өсу динамикасы байқалады. Десе де, Алматының республикалық көлемдегі үлесі жоғары болып отыр. Ол 13,5 пайызды құрайды.
Оқи отырыңыз: Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы өңірлердің бәрінде іске қосылады
Жеті айда пайдалануға берілген 7,7 млн шаршы метр тұрғын үйдің:
- 4,1 млн шаршы метрі көппәтерлі үй. Олардың саны – 563.
- 3,4 миллион шаршы метрге жуығы жеке үй. Жалпы саны – 20 229.
Пайдалануға берілген пәтерлердің жалпы саны – 64 017. Олар негізінен Нұр-Сұлтан (16 002 пәтер), Алматы (9 993) қалалары, Алматы (4 387), Маңғыстау (3 689), Атырау (3 664) облыстарында пайдалануға берілді. Ең азы – Ұлытау (182 пәтер), Жетісу (733), Солтүстік Қазақстан (870) облыстарында.
Оқи отырыңыз: Мүлік нарығы тұрақтанды. Енді баспана арзандай ма?
Айта кетейік, маусым айында облыстар мен қалалардың көпшілігінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқыны байқалған болатын. Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы мұның себебін былтырғы дүрбелеңмен түсіндірді. Пәтерлер қымбаттаған сайын құрылысшылар бірнеше есе көп құрылыс сала бастаған. Қазір сол тұрғын үйлер пайдалануға беріліп жатыр.