Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ол 2022 жылы құрылған Абай облысының алғашқы әкімі болды.
Президент Қасым-Жомарт тоқаев бүгін тағы да басқа бірқатар кадрлық өзгеріс жасады.
Атап айтқанда, мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол Шығыс Қазақстан облысы әкімі қызметінен босатылды.
Сондай-ақ, Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Үкімет басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
USD:
482.5 / 485.3
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.83 / 5.99