Ал "Биология–Химия" пәндерін таңдаған талапкерлер ең жоғары балл жинаған.
Ұлттық тестілеу орталығы наурыз айында өткен ҰБТ-да талапкерлердің бейіндік пәндердің комбинациясы бойынша жинаған баллы туралы ақпарат ұсынды.
Министрлік ұсынған мәліметтерге сүйенсек, "Биология–Химия" пәндерін таңдаған талапкерлер ең жоғары балл жинаған – 136 балл. Одан кейінгі орында 135 баллмен "Ағылшын тілі-Дүние жүзі тарихы" мен "Дүние жүзі тарихы-Құқық негіздері" комбинациялары тұр. Ал "Химия-Физика" комбинациясы бойынша талапкерлер ең төмен балл жинаған – 121 балл.
Ал орташа балл мәні бойынша ең жоғары орында "Қазақ тілі-Қазақ әдебиеті" пәндері тұр – 80 балл. Ең төмен орташа балл "биология – география" комбинациясына тән.

Айта кетейік, тестіленушілердің басым бөлігі, яғни 19 пайызы – "Математика-Физика", 19 пайызы – "Биология-Химия" комбинацияларын таңдаған. IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа "Математика-Информатика" комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 11 пайызы тапсырған.
Оқи отырыңыз: "Қаңтардан нашар": Наурызда ҰБТ тапсырғандардың 22 пайызы шекті балл жинай алмады
Наурыз айында ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына республика бойынша 111 мыңға жуық талапкер қатысты. Сынақты олардың 75 пайызы – қазақ тілінде, 25 пайызы – орыс тілінде және 141 адам ағылшын тілінде тапсырған.
- Талапкерлердің 78 пайызы шекті балл жинады (қаңтарда – 83%).
- Орташа көрсеткіш – 70 балл (қаңтарда – 76 балл).
- Ең жоғары балл – 136 (қаңтарда – 139 балл).
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☪️ Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан республикалық турнир өтеді. Жүлде қоры – 8,3 млн теңге
-
237
-
0
-
5
-
-
2🎓 "Болашақ" бағдарламасымен білім алуға болатын университеттер тізіміне 25 ЖОО қосылады
-
226
-
0
-
4
-
-
3💵💰 Қазақстандықтардың депозит көлемі 232 млрд теңгеге өсті
-
228
-
0
-
3
-
-
4✍️ Бүгін магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
-
316
-
0
-
5
-
-
5🏢 Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгереді
-
246
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Үкімет қаулысы: Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні мерекеленеді
-
254
-
0
-
1
-
-
7🥖🍎 Азық-түлік тауарлары 1,4 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары баға – Ұлытау облысында
-
255
-
0
-
4
-
-
8🚌 Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты
-
249
-
0
-
4
-
-
9💰1 млн 682,2 мың: Елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлер саны өскен
-
258
-
0
-
2
-
-
10💸 Шекара маңындағы ауыл жұмысшыларының жалақысына 50 пайыз үстемеақы берілмек
-
271
-
0
-
4
-