Журналист экологиялық мәдениетті көбірек насихаттауға шақырды.
Қазақтың ұлттық экологиялық мәдениетінен ажырап қалдық, деді журналист, National Geographic Qazaqstan журналының жауапты редакторы Айбын Шағалақ "Сарасөз" бағдарламасына берген сұхбатында.
"Қазақ халқының ежелден экология мәдениеті болды. Кезінде табиғатпен етене өмір сүрдік. Жаз – жайлау, күз күзеуде отырғанымыздың өзі табиғатқа зиянды қысымды мейілінше азайту болатын. Ауылдың маңайын да көк тақыр қылмай көшіп отыру, жай ғана күнделікті тәлім-тәрбиемізде "көкті жұлма", "құсты атпа" деген сияқты обал-сауап төңірігеріндегі тәрбиеміз ұлттық экологиялық мәдениетіміздің көрінісі еді. Біз содан белгілі бір кезеңдерде белгілі бір себептермен ажырап қалдық", – деді журналист.
Оқи отырыңыз: Видеограф Әділет Рахметолла: "Қазақстан табиғатының жарнамасы аз"
Айбын Шағалақ мұны тоқсаныншы жылдар секілді қиын кезеңдермен түсіндірді. Алайда, жағдай әлі түзелмеген.
"2016 жылы экологиялық тиімділік көрсеткіш бойынша Қазақстан 60-70 орындарда болды. 2020 жылғы көрсеткіште сексеннің шамасында депті. Тізімнің басында Еуропаның Норвегия, Дания секілді елдері тұр. Бұл экологиямызға көбірек көңіл бөлу керек екенін білдіреді. Бұл көрсеткіште жай ғана экологияны емес, көптеген факторды қамтиды, айналып келгенде ұлттың, тұтас мемлекеттік экологиялық әлеуетіне, әл-ауқатына қатысты дүниелерді көрсетеді", – деді ол.
Оқи отырыңыз: Тау етегіндегі ауыл таза суға жарымай отыр
Журналист Қазақстанның экология төңірегіндегі мәселелеріне тоқталды.
"Әрине, бізде экология мәселесімен айнлысатын түрлі ұйымдар бар. Бірақ жалпы халықтың, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ұстануы тиіс дүниелер көп. Өйткені Қазақстанның жері шөлейттеніп бара жатыр, топырағы эрозияяға ұшырап жатқан жерлер бар. Су тапшылығы үлкен мәселеге айналып келе жатыр. Оңтүстік өңірлердегі өзендеріміздің көбі – трансшекаралық. Олардың басында басқа елдер отыр, бізге келіп жатқан судан қысылып жатырмыз. Осының бәрі табиғатқа үлкен қысым тудырып отыр. Оған қоса біздің жер пайдалану мәдениетіміз ақсап жатыр. Өзге ұлттардан үйренеріміз көп. Бір ғана жапондарды алайық. Миллиондаған халық бір қалада тұрып, тап-тұйнақтай тап-таза өмір сүреді. Ал біз осындай алып жерде отырып, төңірегімізді дұрыс ұстай алмайтын жағдайымыз бар", – деді Айбын Шағалақ.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
123 мамырдан бастап Астана-Анкара тікелей рейсі қосылады ✈️
-
412
-
0
-
4
-
-
2Ақтөбеде есірткі сатқан тұрғын ұсталды
-
394
-
0
-
1
-
-
37 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтеді
-
367
-
0
-
1
-
-
4Қызылорда облысында оқушылар мектепке қайықпен қатынауға мәжбүр болған
-
371
-
0
-
2
-
-
5Шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 2029 жылға қарай 5 миллионға жуықтайды
-
354
-
0
-
1
-
-
6Дінтану негіздері, қостілді оқулықтар. Мектеп бағдарламасына қандай оқу кітаптары қосылады?
-
368
-
0
-
2
-
-
7Алимент төлемеген 16 мың азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды
-
340
-
0
-
0
-
-
8Ақпарат министрі: Журналист пен блогерді айыру үшін баспасөз картасын енгіземіз
-
308
-
0
-
1
-
-
9Қуантыров: бала Ұлттық қордан үлесін алу үшін 18-ге толғанға дейін азаматтығын ауыстырмауы керек
-
293
-
0
-
0
-
-
10Құстардың ұшақтарға соғылуы: Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін комитет құрылады
-
240
-
0
-
0
-