USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Найзағай, жел және бұршақ: 5 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда күн жылып, кей жерлерде жауын жауады.

Қазақстан аумағында циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал республиканың қалған бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар елдің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Елдің ірі қалаларындағы ауа райы:

– Астана: күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай, жел күшейеді. Түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C;

– Алматы: жауын-шашынсыз, түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C;

– Шымкент: жауын-шашынсыз, түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C;

– Атырау: күндіз жаңбыр мен найзағай, түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C;

– Петропавл: жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде +10…+12°C, күндіз +16…+18°C.

Басқа өңірлерде де ауа райы әркелкі болады: батыс пен солтүстікте жауын-шашын, кей жерлерде тұман байқалса, оңтүстік пен орталықта көбіне құрғақ әрі жылы ауа райы сақталады.

Мамандар азаматтарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауды және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң ұстануды ескертеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз