Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева Atameken Business Channel арнасына берген сұхбатында осы мәселе бойынша түсініктеме берді.
"Мысалы, бір азамат бір айда әртүрлі жүз адамнан төлем қабылдаса және бұл үдеріс үш ай қатарынан қайталанса, яғни үш айда 300 әртүрлі адамнан төлем түссе, онда осындай жеке тұлғаларға қатысты сұрақтар туындауы мүмкін. Егер дәл осы шектілік мөлшер бекітілсе... Әзірге бекітілген жоқ, әлі жоба банктермен бірге талқыланып жатыр. Шектілік мөлшері бекітілген жағдайда оған төлем саны жетпесе, мұндай адамға қатысты сұрақ туындамайды", – деп түсіндірді министрлік өкілі.
Оқи отырыңыз: Мобильді ақша аударымына салық салына ма? Жиі қойылатын сұрақтарға жауап
Ол, сондай-ақ, 2024 жылы жеке кәсіпкерлер жалпыға бірдей декларацияға кіретінін еске салды.
"Олардың кәсіпкерлік шотына өазір қалай жұмыс істеп жатыр – cолай жалғастыруы керек. Кәсіпкерлер өзінің табысын жасырмауы тиіс. Өкінішке қарай, ондай адамдар табылады. Оларға ермеу керек. Өйткені, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге үлкен қолдау бар", – деді Айнұр Сартаева.