Тікелей эфир

Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 
 
Мемлекет басшысын Ханойдың "Ной Бай" әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.

"Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Президент Алматыда мердігер кінәсінен кешіктірілген Қарғалы нысанын қазанның соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды


 

Серіктестер жаңалықтары