USD: 465.1 / 468.1
  • EUR: 532.0 / 537.0
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Медеу – Тұйықсу жолында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Шымбұлаққа баратын жолда уақытша шектеу болады.

2026 жылы 24 шілде мен 30 қараша аралығында Алматыдағы Медеу – Тұйықсу автожолында инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жоспарлы жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Әкімдіктің мәліметінше, бұл жұмыстар инженерлік желілердің сенімділігін арттыруға және Шымбұлақ шатқалында орналасқан нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

"Осыған байланысты аталған кезеңде Медеу – Тұйықсу автожолында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл шаралар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, арнайы техниканың кедергісіз жұмыс істеуі және жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау үшін қажет. Соған қарамастан, Шымбұлақ шатқалындағы туристік нысандар қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Жол төтенше жағдайлар және апаттық қызметтердің көліктеріне, шатқал тұрғындарына, сондай-ақ арнайы техникаға ашық болады", – делінген хабарламада.

Жаяу туристер үшін шатқал мен туристік нысандарға кіру мүмкіндігі сақталады. Балама бағыт ретінде Студенттер соқпағын пайдалану ұсынылады. Бағыт "Медеу" бөгеті жанындағы №12 және №21 автобус бағыттарының соңғы аялдамасынан басталып, бөгеттің төменгі жағымен өтіп, "Горельник" визит орталығына дейін жалғасады.

Фото: Алматы әкімдігі

 

"Топырақты соқпақпен өтетін бағытта еңіс жерлер де бар. Осыған байланысты туристердің ыңғайлы спорттық немесе треккингке арналған аяқ кигені жөн.  Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеуді ескеруді, жол белгілерінің талаптарын сақтап, реттеуші қызметкерлердің нұсқауын орындауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз. Қосымша ақпарат алу үшін info@visitalmaty.kz электрондық поштасына хабарласуға болады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау