Тікелей эфир

Маңғыстауда кәсіпкер арзан iPhone уәде етіп халықтан 144 млн теңге жинаған

Ақтау тұрғындары жеке кәсіпкер мен оны жарнамалаған блогерлерді жазалауды талап етті.

Маңғыстау облысының орталығында тұрғындар Ақтілек Кәусар есімді кәсіпкерге берген ақшасын қайтара алмай жүрген тұрғындар наразылық акциясын ұйымдастырды. Бұл туралы Маңғыстау телеарнасы хабарлады.

Олардың сөзінше, 3 жыл бұрын кәсіпкер арзан iPhone сатып әперуге уәде етіп, халықтан ақша жинаған. Оны танымал блогерлер жарнамалаған соң, халықтың сенімі күшейіп, көбі орта есеппен 100 мың теңгеден ұстатқан. Жәбірленушілер қағылған қаражаттың жалпы сомасы бүгінде 144 миллион теңгеге жуықтаған.

Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, күдіктінің үстінен сотқа дейінгі іс қозғалған.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Сот күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Құрбандар саны күн сайын артып келеді, күн сайын бізге алданған адамдар жүгінеді", – деді Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма басшысы Данияр Төлегенов.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда курьердің атын жамылатын алаяқтар көбейді


 

Серіктестер жаңалықтары