Тікелей эфир

Қазақстанда курьердің атын жамылатын алаяқтар көбейді

Курьердің атын жамылатын айлакерлер смс-код сұрап, тұрғындардың банк шотындағы ақшасына қол жеткізеді.

Қазақстанда алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сондықтан мамандар "сізге сыйлық немесе бір зат алып келдік" деген адамдарға сенбеу керек деп отыр.

Қаражатынан айырылып, полицияға арыз түсіретін алданған жұрттың қарасы азаймай тұр дейді заңгерлер. Өкінішке қарай, алаяқтарды табу және қолды болған қаржыны қайтарып алу өте қиын.

Кейінгі жылдары курьер қызметі сұранысқа ие. Тұрғындар үйлерінен шықпай-ақ бір-біріне гүл, бағалы сыйлықтар мен өзге заттарды жібере береді. Бірақ курьердің барлығына сене беруге болмайды.

Заңгерлердің айтуынша, курьер болатын алаяқтар өз құрбанын әбден зерттейді.

"Картаның артындағы үш санды сұрап, автоматты түрде ақшаны шешіп алады. Ол ақшаны кім, қалай шешіп алғанын білмей қалып жатады. Интернет алаяқтар өте көп. Оларды ұстау қиын", – дейді заңгер Венера Нұрғалиқызы.

Мамандар код курьерден емес онлайн дүкен мен банктен ғана келуге тиіс дейді. Сонымен қатар интернет алаяқтардың көбі технологияны меңгерген шетелдік азаматтар деп отыр. Бірақ олардан қолды болған қаржыны қайтару қиын.

Сарапшылар ешкімге сенбеуге және мұқият болуға шақырады.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары