Тікелей эфир

Маңғыстау облысында "Сергек" бейнебақылау жүйесі іске қосылды

"Сергек" камералары Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында орнатылған.

1 шілдеде Маңғыстау облысының Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында "Сергек" бейнебақылау жүйесі іске қосылды, деп хабарлады Маңғыстау медиа сайты.

Соған орай, Маңғыстау облысының полиция департаменті тұрғындарды жол ережесін бұзбауға шақырды. "Сергек" жүйесі бірінші кезекте жол-көлік оқиғалары мен жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу үшін орнатылған.

Бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақтау қаласында Бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақтау қаласында 380 және Мұнайлы ауданында 140 "Сергек" камерасы орнатылатынын хабарлаған болатын. Бастапқыда биылғы сәуір айында іске қосылуы тиіс бейнебақылау жүйесі кейінге шегерілген болатын.


Оқи отырыңыз: Алматыда "Сергек" камерасы орнатылған патрульдік көліктер көбейеді


 

Серіктестер жаңалықтары