Малта, сықпа, ежігей. Құрттың қандай түрлері бар?

Фото: @qurt_mangystau
Фото: @qurt_mangystau
Ыстық құрт өкпе ауруына, суық тиігеннен болатын сырқаттарға ем саналған.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қазақтың дәстүрлі тағамдарының бірі – құрт түрлері мен атауын жариялады

Институт мәліметінше, ежігей құрт – майы толық алынбаған, ашымаған іркіттен жасалатын құрттың түрі. Ол кепкен кезде де ащы құрт сияқты тас болып қатып қалмайды, үгітіліп тұрады.

Езген құрт – келіге немесе қол диірменге салып езіп ұнтақтаған құрттың түрі. Оны сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін пайдаланады.

Жас құрт – сүзбеде тұрған немесе жайғанына бір-екі күн ғана болған, әлі толық кеуіп үлгермеген құрт. Оны сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды.

Сықпа құрт – ашыған айранды дорбаға құйып сүзіп, тұздап, қолмен сығып, әртүрлі үлгімен бөлшектеп сөреге кептіріп алған құрттың түрі. Мұндай құрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.

Сүзбе құрт – ашыған айранның сары суын шығарып жасаған құрттың түрі. Сүзбе сүзу үшін айранды ұйытып, соны кәдімгі қапшыққа құйып, жоғары іліп қояды. Сүзбе құрт, әдетте, күн суыған кезде, қыста дайындалады. Оның ащылау әрі қышқыл дәмі тәбет ашады.

Ыстық құрт – қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тигеннен болатын сырқаттарға ем саналған.

Малта құрт – езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері. Ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.

Ақ малта – езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады. Ақ малтаны сұйық түрінде ішеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау