Тікелей эфир

"Көлсай көлдері" ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа ілікті

Қазақстанда жалпы саны 120-130 қар барысы бар.

"Көлсай көлдері" ұлттық паркіндегі фототұзаққа тағы да қар барысы түсті. Бұған дейін де саябақта орналасқан фототұзақ "Қызыл кітапқа” енген жыртқышты бірнеше рет тіркеген. 

"Көлсай көлдері" ұлттық паркінде 16 қар барысы мекен етеді. 

Еске сала кетейік, қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Біздің елде 120-130 қар барысы мекендейді, ал әлемде 7 мыңнан аспайды. Фототұзақ – жыртқыштардың санын есепке алу мен бақылаудың заманауи әдістерінің бірі.

Серіктестер жаңалықтары