USD: 473.7 / 476.3
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +37C
Все города

Көктөбеде гүлді беткейі бар жаңа қоғамдық орын ашылды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда Көктөбе жаңа локациямен толықты.

Алматыдағы Көктөбе саябағында аумағы 4 гектарды құрайтын жаңа гүлді беткейдің көріктендіру жұмыстары аяқталды. Жоба аясында қала тұрғындары мен туристерге арналған жаңа серуендеу және демалыс кеңістігі жасалды.

Алматы қаласының Туризм басқармасының мәліметінше, ауқымды көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде мұнда серуендеу бағыттары, шолу алаңдары және Алматы қаласы мен Іле Алатауына көрініс ашылатын жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды.

"Жобаның басты ерекшелігі – гүлдеу маусымында тау бөктеріне ерекше сән беретін лаванда террасалары. Сонымен қатар аумақта ерте көктемнен күздің соңына дейін гүлдейтін 20-дан астам көпжылдық өсімдік, сәндік бұта және астық тұқымдас өсімдіктер отырғызылған. Ландшафтық композиция гортензия, тобылғы, шатыраш, көкжалбыз (котовник), қызылкүрең және сәндік астық тұқымдас өсімдіктермен толықтырылған", – делінген хабарламада.

Жобаны жүзеге асыру кезінде табиғи жер бедерін сақтауға басымдық берілген. Беткейлер эрозиядан қорғау үшін габион құрылымдарымен нығайтылып, келушілерге қолайлы болуы үшін табиғи ландшафтқа үйлесімді жаяу жүргіншілер жолдары, баспалдақтар және шолу алаңдары салынған.

Қазір жаңа қоғамдық кеңістік келушілер үшін ашық. Серуендеу жолдарынан Алматы қаласы мен Іле Алатауының панорамалық көрінісі ашылып, гүл композициялары саябақтың әр тұсынан көз тартады. Туризм басқармасының мәліметінше, жаңа гүлді беткей Көктөбенің ең көрікті орындарының біріне айналмақ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау