USD: 472.9 / 475.9
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Астанадағы Президент саябағында қызға шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
27 жастағы күдікті ұсталды.

Астанада Президент саябағында қызға шабуыл жасады деген күдікпен 27 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті хабарлады.

Оқиға туралы алғаш болып әлеуметтік желіде жәбірленушінің анасы жазған. Оның айтуынша, қызы таңертең жұмысқа бара жатқан кезде Сарайшық көшесі маңындағы Президент саябағында бейтаныс ер адамның шабуылына ұшыраған.

Әйелдің сөзінше, күдікті қызға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға әрекеттенген. Алайда бойжеткен қарсылық көрсетіп, қатты айқайлағаннан кейін шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші күдіктіні бейнежазбаға түсіріп үлгеріп, кейін полицияға арыз берген.

Астана қаласының Полиция департаменті арыз түскеннен кейін жедел-іздестіру шаралары жүргізілгенін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктінің жеке басы қысқа уақыт ішінде анықталып, 27 жастағы ер адам ұсталған. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қазір іс материалдары қарау үшін сотқа жолданған. Полиция қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген заңсыз әрекетке дереу шара қолданылатынын және кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау