Қала прокуратурасы тексеру жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган нарықты тиісінше талдамай, бағаны негіздеместен және жоғарылатылған баға бойынша трансформаторлық қосалқы станцияны сатып алу үшін 1 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын бөлгенін анықтады. Бұл туралы Ақмола облысыныңпрокуратурасы жазды.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды, сондай-ақ кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.
Оқи отырыңыз: Мемлекеттік реестр сайтынан арзан бағамен қалай жер, көлік не өзге мүлік сатып алуға болады?
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.