Кірістер комитетінің өкілдері мүлік иелерін салықтан жалтармауға шақырады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ол үшін кәсіпкер ретінде тіркеліп, Е-Salyq мобильді қосымшасы арқылы пайдаңыздың 1 пайызын салық ретінде төлеу керек. Тек жылдық табысыңыз 13 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Ал әскери және мемлекеттік қызметкерлер жалпыға бірдей декларация толтыру кезінде осы кәсібінен түсетін пайдасын ашық көрсетіп, 10% төлейді. Жылжымайтын мүлікті тәуліктеп қосалқы жалға беретін болсаңыз да салық төлеу қажет. Жауапты комитеттің мәліметінше, Қазақстанда 80 мыңнан астам адам үйін жалға береді.
Оқи отырыңыз: Түркияда туристерге баспананы жалға беру ережесі күшейтілді