Тікелей эфир

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға қанша түлек қатысады?

Түлектер қаңтар айындағы ҰБТ қорытындысы бойынша ақылы негізде оқуға тапсыра алады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2022 жылдың 25 қаңтарынан 22 ақпанға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін ҰБТ-ны 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізу жоспарланған болатын. Алайда, елде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты мерзімі кейінге шегерілді. Қажеттілігіне қарай тестілеуге қосымша күндер енгізілді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, қаңтар айындағы ҰБТ тапсыруға 100 мыңнан астам өтініш түскен.

Сондай-ақ, биыл министрлік талапкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін, тестілеу тапсыру процесінің ашықтығы мен транспаренттілігін күшейту үшін бірқатар өзгеріс енгізген.

"Мысалы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектерге 2022 жылы қосымша уақыт берілді. Көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған талапкерлерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек қосымша 40 минут беріледі. Яғни, олар ҰБТ-ны 4 сағат 40 минут ішінде, басқаларға қарағанда ұзағырақ тапсыра алады. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізілді. Олар үшін суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды. Бұл өзгерістер ҰБТ тапсыруды айтарлықтай жеңілдетеді", – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Тестілеу "1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші" қағидаты бойынша жүргізіледі. Оқуға түсушінің тест тапсыру орнында негізгі камерадан басқа, тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін алдыңғы веб-камера орнатылады. Фронталды веб-камера талапкердің жеке басын сәйкестендіруге және ҰБТ кезінде бөгде адамдардың кіруін болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл қағидат емтихан тапсыру барысына бақылау жүргізу және тестілеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет.

Айта кетсек, қаңтар айындағы ҰБТ қорытындысы бойынша ақылы негізде оқуға болады. Түлектер жазғы тестілеу негізінде грантқа үміткер бола алады. Сондай-ақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талап қатаң сақталады.


Оқи отырыңыз:

ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтары. Қашан және қалай қатысуға болады?

ҰБТ-ға дайындалуға арналған 10 онлайн платформа

ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің 7 жолы қандай?

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары