Тікелей эфир

"Өлі балдырлардың шіруі себеп болған". Каспий теңізі түсінің өзгерісіне экологтар түсініктеме берді

Департамент тарапынан облыс әкімшілігіне тазалық жұмыстарын ұйымдастыру сұралған хат жолданды.

Әлеуметтік желіде Ақтау қаласындағы 4-ықшам ауданы аумағындағы Каспий теңізі бетінің қара түске боялғаны туралы видео пайда болған  еді. Аталған факт бойынша экологтар теңіз жағалауына шолу жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шолу барысында аталған аумақта табиғи құбылыстар нәтижесінде жылдар бойы жиналған өлі балдырлардың шіруі мен теңіз түбі лайының (иловые осадки) жоғары көтерілуі салдарынан теңіз түсі өзгеріске ұшырағаны белгілі болды.

"Аталған теңіз жағалауының жағымсыз иісі және теңіз түсінің қала көркіне кері әсерін тигізетінін ескере отырып, департамент ірі техниканың көмегімен тазалау жұмыстарын жүргізуді ұсынады. Департамент тарапынан облыс әкімшілігіне тазалық жұмыстарын ұйымдастыру сұралған хат жолданды" – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары