USD: 487.7 / 490.5
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.57 / 6.71
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

KASE-де доллар арзандады: бағам 488,59 теңгеге дейін төмендеді

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
Қазақстан қор биржасында доллар құны 1,24 теңгеге арзандады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы төмендеді.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,24 теңгеге арзандап, 488,59 теңгені құрады. Ал Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 490,21 теңге деңгейінде белгіленген.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағасы 485,00 теңге болса, сату бағасы 492,00 теңгеге жетті.

Еуро бағамы 562,00–573,56 теңге аралығында қалыптасты. Ресей рублі 6,50 теңгеден сатып алынып, 6,80 теңгеден сатылуда. Ал Қытай юані 68,81 теңгеден қабылданып, 73,91 теңгеден өткізілуде.

Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 488,23 теңгеден сатып алынып, 490,21 теңгеден сатылып жатыр.

Оңтүстік мегаполисте еуроның бағамы 562,52–569,65 теңге аралығында болса, рубль 6,57–6,71 теңге аралығында саудалануда. Сондай-ақ юань 70,38 теңгеден сатып алынып, 73,02 теңгеден сатылып жатыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз