Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 2,46 теңгеге төмендеп, 484,78 теңгені құрады.
Ал Қазақстан Ұлттық Банкі 8 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы 487,44 теңге деңгейінде сақталып отыр.
Айырбастау пункттеріндегі жағдайға келсек, Алматы қаласында долларды сатып алудың орташа бағамы 485,29 теңге болса, сату бағамы 487,46 теңге болды.
Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде америкалық валюта орта есеппен 483,01 теңгеден сатып алынып, 490,01 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орташа есеппен 485,4 теңге болса, сату бағамы 487,48 теңгені құрады.