Тікелей эфир

"Кальмар ойыны" сериалы: екінші маусымның тизері шықты

Сериалдың екінші маусымы экранға 2024 жылы шығады.

Netflix компаниясының стриминг қызметі аты шулы "Кальмар ойыны" сериалының екінші маусымының тизерін жариялады. Бұл туралы CNN хабарлады. 

Қысқа бейнероликте сериалды түсіргендер екінші маусымның түсіріліміне қатысқан актерлерды көрсетті. Олардың ішінде бірінші маусымда ақшаға мұқтаж Сон Ги Хунды сомдаған басты рөлдегі актер Ли Джун Чжэ, маска таққан ойын жүргізушісі Ли Бён Хон және жоғалған ағасын іздеген полиция қызметкері Ви Хаджун бар.


Оқи отырыңыз: Отандық телесериалдардың сапасы неге түрік, кәріс туындыларынан төмен?


Сериалға Им Сиван, Кан Ха Ныль, Пак Сун-хун және Ян Дон-Гын сияқты жаңа актерлар түскен. Бірақ олар екінші маусымда кімнің рөлін сомдайтыны белгісіз. Желіде егде жастағы және қарапайым "001 ойыншысы" О Иль Намды сомдаған актер О Ён Судың екінші маусымда түсірілімге оралатыны туралы әңгіме тарады. Дегенмен оның сериалдағы рөлі жалғасатыны туралы ресми мәлімдеме жоқ. Оған қоса, 2022 жылғы қарашада 78 жастағы актерға аламсақтық көрсетті деген айып тағылғаны да бар. 

"Кальмар ойынының" екінші маусымы экранға 2024 жылы шығады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары