Тікелей эфир

Иранда әйел президент болуы мүмкін бе

Парламенттің экс депутаты Зохре Элахян президент сайлауына үміткер ретінде тіркелді.

Иран Ислам республикасында биылғы 28 маусымда президент сайлауы өтеді. Бұл сайлауға қатысуға Иран Парламентінің бұрынғы депутаты Зохре Элахян да тіркелді, деп хабарлады Mehrnews ақпараттық агенттігі.

Еске салайық, Иран президентінің сайлауына тіркеу 30 мамырда басталды. Қазірге дейін 8 адам үміткер ретінде тіркеліп үлгерді. Олар: Масуд Пезешкиан, Алиреза Закани, Сейед Ахмад Расулинежад, Хабиболла Дахмарде, Сайид Мохаммад-Реза Миртаджодини, Фада-Хосейн Малеки, Зохре Элахян и Вахид Хаганян.

Үміткерлердің нақты тізімін 11 маусымда жарияланады. Дегенмен, ескерте кетейік, Иранда президент елдегі ең жоғарғы шен болып саналмайды. Өйткені, елді Хаменеи басқарады. Ал президент үкімет қызметіне басшылық жасайды.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық феминизм және қазақ қызының құқығы. Сараптама


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары