USD: 486.5 / 489.5
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

IATA өкілі Қазақстанды өңірлік авиациялық хабқа айналдырудың үш алғышартын атады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Бүгінде елімізде бұл сала жалпы ішкі өнімнің 1 пайызға жуық үлесін қамтамасыз етіп отыр.

Халықаралық әуе транспорт қауымдастығының Еуропа бойынша вице-президенті Рафаэль Шварцман Қазақстанның авиация саласындағы әлеуетіне баға берді.

Оның айтуынша, Қазақстанның өңірлік авиациялық хабқа айналу мүмкіндігі зор және бұл ретте үш бағыттағы жұмысты күшейту керек. Олар:  

  • Халықаралық стандарттар. Әлемдік қауіпсіздік талаптары мен озық операциялық тәжірибелерге сәйкестік аса маңызды. Қазіргі таңда Air Astana және SCAT әуе компаниялары ғана Еуроодақ елдеріне ұшуға рұқсат алған. Халықаралық стандарттарды енгізу Қазақстанның жаһандық көлік хабы ретіндегі позициясын нығайта түседі.
  • Инфрақұрылымның қолжетімділігі. Соңғы үш жылда Қазақстандағы жолаушылар ағыны жыл сайын орта есеппен 10 пайыздан астам өсіп келеді. Бұл әлемдік көрсеткіштерден жоғары. Осы үрдісті сақтау үшін инфрақұрылымға инвестиция тарту маңызды. Атап айтқанда, Алматы әуежайын жаңғырту жобасы және Астанада екінші әуежай салу жоспарлары бар.
  • SAF өндірісі және энергияға көшу. Тұрақты авиациялық отын (SAF) 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жетудің негізгі құралы саналады және шығарындыларды қысқартудың кемінде 65%-ын қамтамасыз ете алады. Алайда 2025 жылы оның әлемдік авиаотын тұтынуындағы үлесі небәрі 0,6% болды. Бұл Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашады: елдің шикізаттық базасы жеткілікті, ал Jet A-1 стандартына сай өндіріс жолға қойылса, өнімді Еуропалық одақ секілді ірі нарықтарға экспорттауға болады.

"Қазақстан жолаушылар және жүк тасымалының жаһандық ағындарына неғұрлым белсенді қатысу үшін зор әлеуетке ие, сондай-ақ тартымды туристік бағыт ретінде өз позициясын нығайта алады. Қауіпсіздікке, әуежай инфрақұрылымын дамытуға және тұрақты авиациялық отынға (SAF) бағытталған қосымша инвестициялар тұрақты әрі бәсекеге қабілетті авиация секторын қалыптастырудың, туризмнің өсуінің және тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі факторларына айналады", – деді Рафаэль Шварцман.

Халықаралық әуе транспорт қауымдастығының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда авиация саласында тікелей 44,7 мың адам жұмыс істейді. Саланың тікелей экономикалық әсері 2,1 млрд АҚШ долларын (1,01 трлн теңге) құрап, елдің жалпы ішкі өнімінің 0,8%-ына тең. Ал жеткізу тізбектері, қызметкерлер шығындары және туризмді қоса есептегендегі жиынтық үлес 6,4 млрд долларға (3,08 трлн теңге) жетіп, 191,4 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.

Авиациямен байланысты туризм де ел экономикасына айтарлықтай үлес қосуда. Бұл сектор жыл сайын 356 млн доллар (172 млрд теңге) табыс әкеліп, 15 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, шетелдік туристер Қазақстанда жылына шамамен 2,6 млрд доллар (1,25 трлн теңге) көлемінде қаражат жұмсайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз