Тікелей эфир

Finiko қаржылық пирамидасының ісі бойынша үш адам қамауға алынды

Пирамиданы ұйымдастырушылар келтірген шығын 1,8 миллион АҚШ долларын және 630 миллион теңгеден астам соманы құрады.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті прокуратурамен бірлесіп The Finiko қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі. 

Finiko ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында 300-ден астам адам арыз беріп, шығын көлемі 1,8 миллион АҚШ долларын және 630 миллион теңгеден астам соманы құрады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, Thefiniko симулятор болып табылады және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп, ақша салады. Компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа Finiko қаржы пирамидасы анықталды


Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталуда. 

"ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз The Finiko әрекетінен зардап шексе, Агенттіктің сенім телефонына хабарласыңыз" делінген агенттіктің хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары