Энрике Иглесиастың концертінен кейін Алматыда 50 тегін шаттл жүреді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Энрике Иглесиастың Алматыдағы концерті 5 қыркүйек күні сағат 20:00-де басталады.

5 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда Энрике Иглесиастың концерті өтеді. Іс-шара кезінде қаладағы қоғамдық көлік, оның ішінде метро да қалыпты режимде жұмыс істейді.

Әкімдіктің мәліметінше, көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт аяқталғаннан кейін 50 тегін шаттл ұйымдастырылады. Автобустар Орталық стадионның Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесі жағынан жолға шығады.

Тегін шаттлдар мына бағыттар бойынша қатынайды:

  • Әуежай;
  • Орбита шағынауданы;
  • Алматы-1 теміржол вокзалы;
  • Райымбек-Алатау;
  • Алматы Арена.

"Бұл бағыттар концерттен кейін көрермендердің қаланың негізгі көлік тораптары мен аудандарына жылдам жетуіне мүмкіндік береді. Қала тұрғындары мен қонақтарына концертке бару және қайту бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Энрике Иглесиастың Алматыдағы концерті 5 қыркүйек күні сағат 20:00-де басталады. Концерт кезінде қоғамдық көлік пен метро әдеттегі режимде жұмыс істейді, ал іс-шара аяқталған соң көрермендер үшін тегін шаттлдар қатынайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау