Тікелей эфир

Енді шетелге көшіп кеткен Қазақстан азаматтары МӘМС арқылы тегін дәрі-дәрмек ала алмайды

Тегін медициналық препараттар тек елде тұратын жандарға ғана беріледі.

Енді шетелге көшіп кеткен Қазақстан азаматтары МӘМС арқылы тегін дәрі-дәрмек ала алмайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Денсаулық сақтау министрлігі ақпараттық жүйені жетілдіріп, осындай шешім қабылдады.

Бұл шара Жоғары аудиторлық палатаның тексерісінен кейін қабылданған. Мемлекеттік аудиторлар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын тексерген кезде шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға дәрі-дәрмектер тегін тағайындалғанын анықтаған.

Содан кейін жауапты ведомствоға хабарлама жолдап, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған.

Осылайша, медициналық мекемелерде тіркеуде тұрған отандастарымыздың тізімі жаңартылған екен. Енді тегін медициналық препараттар тек елде тұратын жандарға ғана берілмек.

Серіктестер жаңалықтары