Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ол 14 қыркүйекте әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының (US Open) финалында жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет осы турнирдің чемпионы атанды.

Финалда Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы үш сетте 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

Осы жеңістен кейін қазақстандық теннисші Үлкен дулыға турнирлерінің үш дүркін чемпионы атанды. Рыбакина 2022 жылы Уимблдонда алғаш рет чемпион атанса, 2026 жылы Australian Open турнирінде де топ жарған еді.

14 қыркүйекте Елена Рыбакина WTA рейтингінде ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы тарихи жетістік.

Қазіргі таңда Рыбакинаның жеке разрядтағы WTA турнирлеріндегі титулдар саны 14-ке жетті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау