Депутаттар шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялауды сұрады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Тексеру мен бақылауға келгенде ШОБ пен ірі кәсіпкерліктерді қатар қоюға болмайды.

Құрылтай отырысында "Ақ жол" демократиялық партиясының депутаттары шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге 1-2 жылдық мораторий енгізуді ұсынды. Депутаттардың түсіндіруінше, бизнес бүгінде жаңа салық ережелеріне және реттеушілік өзгерістерге бір мезгілде бейімделіп жатыр. 

"Бұл бухгалтерлік есепті, бизнес-процестерді және қаржылық жоспарлауды қайта құруға байланысты қосымша шығындарды талап етеді. Шағын және орта бизнес жаңа жұмыс орындарын ашып, сондай-ақ салық базасын кеңейтіп, көптеген азаматтарды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Оларға тек, бітпейтін тексерістер мен әкімшілік қысымнан қорықпай жұмыс істейтіндей мүмкіншілік жасалуы керек. Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау қауіп-қатерге негізделген бағытта болуы тиіс", – деді депутат Ермекқали Юсупов. 

Оның айтуынша, тексеріс пен бақылауға келгенде, кішігірім кәсіпкер мен экономикаға үлкен ықпалы бар ірі компанияны бір қатарға қоюға болмайды. Мемлекеттік тексерістер мен бақылау жұмыстары қауіп деңгейіне сай болуы керек. 

"Шағын және орта бизнесті мазалай бермей, бар күшті елге шынымен де үлкен зиян келтіруі мүмкін дейтін ірі нысандарды бақылауға жұмсалуы керек. Осындай тәсілмен ғана адал кәсіпкерлерді артық қысымнан қорғап, мемлекеттік қадағалауды заң бұзушылықтардың алдын алудың нақты құралына айналдыруға болады", – деді депутат. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау