Тікелей эфир

Денсаулық сақтау министрлігі 1 қазаннан бастап қай медицина қызметкерлері үстеме ақы алатынын жариялады

Қазір медицина мамандарына беріліп жатқан үстеме ақы мен қосымша төлем 1 қазаннан бастап тоқтайды.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 қазаннан бастап Covid-19-бен күресуге көмектескен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеуді тоқтату туралы бұйрықтың жобасын жариялады. 

Ерекше психоэмоционалдық және денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін жағдайда жұмыс істеген келесі медицина қызметкерлеріне 1 қазаннан бастап үстеме ақы мен қосымша төлем төлеу тоқтатылады:

  • реаниматолог-анестезиолог дәрігерлер;
  • инфекционистер;
  • реаниматология және анестезиология бөлімінің анестезиологтары;
  • эпидемиологтар;
  • БМСК психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері;
  • ядролық медицина орталықтарының мамандары;
  • паталогоанатом дәрігерлер.

1 тамыздан қазір төленіп жатқан үстеме ақының көлемін 50% қысқарту жоспарланып отыр. Қысқарған жағдайда төлемдер келесідегідей болады:

  • бірінші қауіпті топ – 10 ЕАЖМ;
  • екінші қауіпті топ – 5 ЕАЖМ;
  • үшінші қауіпті топ – 2,5 ЕАЖМ.

1 қазаннан бастап бұл үстеме ақы түрі мүлдем төленбейді. 

Бұйрық жобасын ашық талқылау 4 тамызға дейін жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары