Чемпиондар лигасының финалдық матчы Санкт-Петербургтен Парижге ауыстырылды

Ресей және Украина аумағында жоспарланған барлық клуб пен құраманың ойындары бейтарап алаңда өтеді.

ЕФҚО чемпиондар лигасының финалдық матчын Санкт-Петербургтен Парижге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бас Еуропа кубогының шешуші ойыны 28 мамыр күні "Стад де Франс" стадионында өтеді, деп хабарлайды ұйымның сайты

Қауымдастық Франция президенті Эммануэль Макронға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, ЕФҚО атқарушы комитетінің кезектен тыс отырысында Еуропадағы жағдайдың күрделенуіне байланысты осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді. 

Алдағы уақытта ЕФҚО аясында Ресей және Украина аумағында өтуі тиіс барлық клуб пен құраманың ойындары бейтарап алаңға ауыстырылады.

Еске салсақ, шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Қазақстанда спортты дамытуға дұрыс көңіл бөлінбейтінін айтқан еді. Спортшының пікірінше, Қазақстанда сенде медаль болса ғана жағдай жасай бастайды.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз