USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.55 / 6.67
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Болашақ үшін күш біріктіру – AMANAT жаңа құрылған "Әділет" партиясына қосылады

Болашақ үшін күш біріктіру – AMANAT жаңа құрылған "Әділет" партиясына қосылады
Депутаттардың пайымдауынша, бұл — саяси жүйенің табиғи дамуы және ел мүддесіне қызмет ететін күштердің ортақ мақсат жолында бір арнаға тоғысу қабілетінің көрінісі.

Amanat саяси партиясы жаңадан құрылған "Әділет" партиясына қосылады. Мұндай шешім Астанада өткен Amanat партиясының кезектен тыс XXVI съезінде қабылданды.

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ атап өткендей, қазіргі әлемдегі күрделі геосаяси жағдай, жаһандық сын-қатерлер мен экономикалық өзгерістер аясында Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан реформалардың табысты жүзеге асырылуы баршамыз үшін маңызды.

"Мұндай кезеңде ұлттық мүддені, елдің тұрақтылығы мен дамуын кез келген саяси келіспеушіліктен жоғары қою қажет. Осы тұрғыдан алғанда, біз Amanat және "Әділет" партияларын біріктіру туралы бастаманы қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет ететін саяси күштердің мүмкіндіктерін жұмылдыруға және әлеуетін одан әрі арттыруға бағытталған шешім деп қараймыз", – деді депутат.


Оқи отырыңыз: Нұрай Серікбайдың өлімі: тергеу амалдары аяқталып, материалдармен танысу кезеңі басталды


Ол әр партияның өз ұстанымы мен өзіндік ерекшеліктері бар екенін, алайда ортақ құндылықтардың маңызы әлдеқайда жоғары екенін қосып өтті. Бұл құндылықтар – жаңа Конституцияда бекітілген әділетті мемлекет құру қағидаты, тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы, қауіпсіздік, азаматтардың амандығы және өскелең ұрпақтың жарқын болашағы.

"Сондықтан бұл қадам – саяси жүйенің табиғи дамуы және ел мүддесіне қызмет ететіндердің ортақ мақсат жолында бірлесе білу қабілеті", – деп атап өтті Үнзила Шапақ.

Дауыс беру қорытындысы бойынша съезге қатысушылар жаңа партиямен бірігу туралы шешімді мақұлдады.

Бұған дейін Amanat партиясының төрағасы, Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов партия Мемлекет басшысының озық қоғамдық-саяси күштерді жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар төңірегінде топтастыру туралы үндеуін толық қолдайтынын атап өткен болатын. Ол Amanat партиясы елді дамыту жөніндегі ауқымды президенттік күн тәртібін іске асыру үшін жұмыс істейтін барлық күштермен бірлесе әрекет етуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, 14 маусым, жексенбі күні Астанада "Әділет" партиясының II съезі өтеді.

15 сәуірде бастамашыл топ жаңа партия құру ниеті туралы ресми мәлімдеме жасап, 16 сәуірде Әділет министрлігі бұл хабарламаның қабылданғанын растаған болатын. Партияны Айбек Дәдебай басқарды. Ал 1 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Әділет" жаңа саяси партиясын ресми түрде тіркеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз