Тікелей эфир

Биыл қанша бала бірінші сыныпқа барады?

Бүгінге дейін 275 177 өтінім келіп түсті.

1-сыныпқа өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

"Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізген. Алдын ала болжам бойынша, 2024 жылдың 31-желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар саны 370 мыңнан асады, осылайша олардың бірінші сыныпқа баруға толық мүмкіндігі бар", – делінген хабарламада.

Азаматтарға қолайлы болу үшін қызмет көрсету толығымен автоматтандырылды.

"Ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері өз өтінімдерін еGov.kz электронды порталында, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Өтінімдер демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары