Бюджет саласы және квазимемлекеттік сектордың 1 млн, мемлекеттік қолдауға ие бизнестің 2,8 млн жұмысшысының еңбекақысын көтеру көзделген.
Мәжіліс отырысында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов халық табысын арттыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын шараларға тоқталды.
Оның сөзінше, пандемия, жаһандық экономикалық дағдарыс халықтың кірісінің төмендеуіне әсер етті.
- Бюджет саласы және квазимемлекеттік сектордың 1 млн-нан аса қызметкерінің, сондай-ақ мемлекеттен қолдау алатын бизнестің 2,8 млн жұмысшысының жалақысын көтеру жоспарланып отыр.
- Экономиканың барлық салаларында жаңадан ашылатын 2 млн жұмыс орындарының табысы арттырылмақ. Оның ішінде бұрын сырттан әкелінген, өндірісте сұранысқа ие тауарлардың 19 түрі бойынша жаңа кәсіпорындар құру. Фармацевтика, биотехнология, IT-технология және мұнай-химия саласында шикізаты жоғары – 5 және 6-деңгейде өңдеуге негізделген өңдеуші өнеркәсіпті дамыту арқылы іске асыралады.
- Ірі кәсіпорындар айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру арқылы кәсіпкерліктен түсетін табысты арттыру көзделген.
- "Бақытты отбасы" сияқты жобалар арқылы көп балалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарға жыл сайын 20 мың жұмыс орындарын құру ескерілген. Мұнымен қоса, "Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны" жобалары және (400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде) гранттар беру арқылы 160 мың жас жұмысқа тартылады.
Оқи отырыңыз:
- "Жалақыны көтерумен бірге бағаны да тұрақтандыру керек". Мамандардың президент бастамасына пікірі қандай?
- Сіз бюджеттік мекемеде жұмыс істейсіз бе? Жалақыңыз биыл қаншаға өскенін біліңіз
- Білім министрі: жалақы базасының төмен болуына байланысты оны 20-40%-ға ұлғайту да жеткіліксіз