Тікелей эфир

Бішкектегі тәртіпсіздік: зардап шеккен 41 адам ауруханаға түсті

11 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Барлығы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Бішкекте шетелдіктерге қарсы жаппай наразылық акциясы нәтижесінде зардап шеккен 41 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап 24.kg хабарлайды.

11 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Қалалық жедел жәрдем ауруханасында екі науқас жатыр. Біреуінде жабық бассүйек-ми жарақаты, екіншісінде сан сүйегінің сынығы бар. Науқастардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Бір зардап шегуші Ұлттық аурухананың жақ-бет хирургиясы бөлімінде емделуін жалғастыруда. Оның жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деп бағалануда.

Денсаулық сақтау министрлігі 19 мамырда тағы сегіз шетелдіктің медициналық көмекке жүгініп, Халықаралық медицина университетінің клиникасына жатқызылғанын атап өтті. Екеуінің мұрны сынған, қалғандарында жабық бас жарақаттары, көгерген және сыдырылған деген диагноз қойылған. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында, жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Олардың қал-жағдайын білуге Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев барды.

"Президент Садыр Жапаровтың өкімімен зардап шеккендерді емдеуге және қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалатын барлық шығындар тегін болады", – деді Алымқадыр Бейшеналиев.

17 мамырда сағат 21.00 шамасында Бішкекте 7 сәуір және Огонбаев көшелерінің қиылысында жергілікті тұрғындарды соққыға жыққан шетелдіктерден кек алмақ болған 100-ден астам жігіт жиналған. 13 мамырда Бішкекте шетелдіктер қатысқан жаппай төбелес болған. Мұның бәрі шетелдіктер тұратынхостелдердің бірінің ауласында болды.


Оқи отырыңыз: Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты – ресми ақпарат


Бішкекте шетелдіктердің жергілікті тұрғындарды ұрып-соғуына байланысты Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары