Тікелей эфир

Білім гранттары: Қазақстанда квотаның жаңа екі түрі енгізіледі

Су басқан өңір түлектері 12,5 мың білім грантын иеленеді.

Қазақстанда биылдан бастап жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған квота түрінің саны артады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынған құжат жобасынан белгілі болды. 

Жаңадан енгізілетін квоталар: 

  • әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан азаматтары үшін – 1 пайыз;
  • жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жерде зардап шеккен азаматтар үшін – 20 пайыз.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл квота түрлері үкімет басшысының өкіміне сәйкес қолданысқа енгізіледі. 

Су басқан өңір түлектеріне арналған квота туралы бұған дейін үкімет басшысы Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында хабарлаған болатын. Бұл квота бойынша биыл 12 528 грант беріледі. Бұл биылғы мемлекеттік білім гранттарының бестен біріне тең.

Еске салайық, Қазақстанда бұған дейін квотаның 9 түрі бар болатын. Енді оның саны 11-ге жетеді. 


Оқи отырыңыз: Су басқан өңір түлектеріне 12,5 мың білім гранты квота түрінде берілмек


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары