Танымал театр актері әрі режиссері Оразхан Кенебаев дүниеден өтті. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театры хабарлады.
"Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрының қоюшы- режиссері Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев дүниеден озды. Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып қөңіл айтамыз. Жаратушы Алла Қасиетті Рамазан айында марқұмның жатқан жерін нұрландырып, жәннатты нәсіп етсін! Пейіште нұры шалқып, артындағы ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін", – делінген театрдың ресми хабарламасында.
Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев – 1950 жылы 16 наурызда Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Төңкеріс ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері атанған.
Оразхан Кенебаевтың ойнаған спектакльдері: "Абай" (Оразбай), "Абылай хан" (Қалдан шері, Орыс елшісі), "Ревизор" (Дуанбасы), "Томирис" (Балхаш), "Қамар сұлу" (Омар), "Махаббаттыңғажап әні" (Қожақ), "Атжылаған түн" (Төраға), "Құдалар" (Момын), "Мөлдір махаббат" (Әбутәліп), және кинофильмдері: "Дивизия командирінің күні" (Барлаушы), "Әлия" (Солдат), "Өтелмеген қарыз".
Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық фестивальда "Қобыланды" спектаклінің қойылымы үшін "Ең үздік режиссер" Бас жүлдесін алған.